“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 8 қаңтар күні 6-8 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі — Қазақстандағы байырғы музейлердің бірі, іргесі 1915 жылы қаланған. Музей қала ортасында ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан.
Музейде 10 экспозициялық залдар: «Өлкенің ежелгі тарихы», «Қостанай облысының табиғи байлықтары», «Туған жер тарихы», «Қостанай қаласының құрылуы», «Қостанай облысы: үміт пен жасампаздық», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Қостанай жерінің мақтаныштары» және екі көрме залы жұмыс істейді. Музей кешенінің құрамына ішкі ауладағы «Ашық аспан астындағы музей», «Ату жазасы орындалған қабырға» тарих ескерткішімен Тарихи бақ енеді.
Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Балалар гидті мұқият тыңдап, сұрақтар қойып отырды.Қорытындылай келе, оқушыларымыз өз елінің тарихи мұрасына сүңгу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
#Біртұтас тәрбие
#Қысқы демалысhttps://www.instagram.com/reel/DEmpDf2NXEI/